Пан Ги Мун: Әлемдік мәселелерді шешуде Қазақстанның ықпалы зор

Пан Ги Мун: Әлемдік мәселелерді шешуде Қазақстанның ықпалы зор

Қазақстан – жаһандық дәрежедегі реформатор, дейді сарапшылар. Мемлекет халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, адамзаттың жалпы дамуына бағытталған бастамаларымен танымал. Жылдар бойы Қазақ елінің ұсыныстары әлем қоғамдастығы тарапынан жоғары бағаға ие болып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында республика бастамасымен әзірленген ядролық қарудан азат әлем құру туралы Жалпыға ортақ декларация жаппай қолдау тапқаны – осының тағы бір айғағы. Жалпы, еліміз Орталық Азияда ғана емес, жаһандық ауқымдағы мәселелерге қаншалықты ықпал ете алады? Бұл сұрақтарға Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун жауап берді. Саясаткердің пайымынша, қазақстандық тарап тұрақты даму мақсатында климатты өзгерту үрдісі бойынша Париж келісімін жүзеге асыруға белсенді атсалысуы қажет.

ПАН ГИ МУН, БҰҰ БҰРЫНҒЫ БАС ХАТШЫСЫ:

 - Кеңес Одағы ыдырағаннан соң дербес ел атанған Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың білікті саясатының арқасында дамудың даңғыл жолына түсті. Жаңа жетістіктерге жетті. Елдің жарқын болашағы басталды. Елдеріңіз бейбітшілік пен тұрақтылықтың бесігіне айналды. Сондықтан тек Орталық Азияда ғана емес, әлемдік мәселелерде де Қазақстанның ықпалы айтарлықтай деп есептеймін!