Қазақстанның әлемдік аренадағы орны

Қазақстанның әлемдік аренадағы орны

Қазақстанның әлемдік саяси картада салмақты орны бар. Бұл біздің елімізді жаһандық татуластырушы, антиядролық қозғалыстың көшбасшысы және халықаралық лаңкестікпен күрестегі басты ел ретінде қарастырып, мойындағанын көрсетеді. Сонымен қатар шетелдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері әлем елдеріне экономикалық даму және Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің оң үлгісін көрсете алған. Голландиялық сарапшы Хенк Нибурдың айтуынша,  екі мемлекет арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті зор.

ХЕНК НИБУР, НИДЕРЛАНДТАҒЫ ҚР ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛЫ:

 - Қазақстан және Нұрсұлтан Назарбаев әртүрлі көпжақты бастамаларды жүзеге асыруда әлемнің басқа елдерінің дамуының оң үлгісін көрсетеді. Сонымен қатар Сирия бойынша өткен Астана процесі мен Қазақстанның ядролық қарусыздандыру саласында атқарған роліне баға жетпейді.

Қазақстанның бастамалары шын мәнінде жаңа жаһандық қауіп-қатерлерге дер кезінде жауап болып табылады. Шетелдік саясаткерлердің айтуынша, олардың барлығы әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосқан.

АНДРЕЙ МАМЫКИН, ЕУРОПАЛЫҚ ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ:

-  Қазақстан Республикасы ширек ғасыр ішінде Орталық Азия аймағындағы көсбасшыға, ал халықаралық сахнада және Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде ықпалды мемлекетке айнала алды. Бұл өте қуантарлық жайт.