Қазақстанның халықаралық аренадағы бастамалары

Қазақстанның халықаралық аренадағы бастамалары

Бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік. Қазақстанның халықаралық аренадағы барлық бастамалары дәл осы мақсаттарға жетуге бағытталған. Атап айтар болсақ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі конференцияға қатысты арнайы форум құру болатын. Кейін Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қол қойылды. Ядролық қаруды таратпаудағы Қазақстанның рөлі МАГАТЭ-нің қолдауымен аз байытылған уран банкін құру арқылы, бейбіт ядролық энергетикаға қолжетімділікті жеңілдетуге және елдің өздерінің байыту бағдарламаларын әзірлеуіне жол бермеуге бағытталған. Халықаралық сарапшылар атап өткендей, көптеген елдер ядролық қарудан бас тартудың қазақстандық тәжірибесін зерделеуге ниет білдіріп отыр.

КОЛЛЕР ШЕХУ МУСА, САРАПШЫ /НИГЕРИЯ/:

 - Мен Қазақстан жаппай қырып-жоятын қарудан қалай бас тартқанын білдім. Солтүстік Кореяға халықаралық қоғамдастықтың, әсіресе қарусыз әлемді құрып жатқан елдерден қолдау қажет деп есептеймін.

Терроризмнен еркін әлемге қол жеткізу. Бұл – Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған тағы бір жоба. Биылғы жылдың қыркүйек айында елбасы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жауапты елдерді белгілей отырып, арнайы кодексті әзірлеуді ұсынды. Аса маңызды құжатқа 70-тен астам елдің көшбасшылары қол қойды. Қазақстан Республикасы тарапынан айтылған осы және басқа да ұсыныстарды шетелдік сарапшылар жоғары бағалайды.

ГАБРИЭЛЬ ЛАНСКИ, LGP ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АДВОКАТ БЮРОСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ СЕРІКТЕСІ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысы, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуі – мұның барлығы әлемдік деңгейдегі абырой-беделді білдіреді. Өйткені Еуропаның болашағы Еуразияның болашағына тығыз байланысты. Біз Еуропа мен Азия арасындағы көпір болып табылатын Қазақстан сияқты серіктесімізге қуаныштымыз. Бұл өз кезегінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған саясатпен тікелей байланысты. Елдің басты функциясы – Қытай мен Америка Құрама Штаттары сияқты елдер арасындағы өте үлкен айырмашылықты ескере отырып, күрделі геосаяси мәселелерді шешуге қатысу. Бұл елдегі дана саясаттың маңызды аспектісі.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның БҰҰ жүйесіне кіруі сыртқы саясаттың мақсаттарын іске асыруда маңызды қадам болып табылады. Атап айтқанда, мемлекеттің Ұйымға мүшелігі әлеуметтік-саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа да салалардағы жаңаруды одан әрі дамыту мен жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалды.