БҰҰ Қазақстанның рөлін айрықша бағалайды

БҰҰ Қазақстанның рөлін айрықша бағалайды

БҰҰ Қазақстанның рөлін айрықша бағалайды. Республика әлемдегі бейбітшілік пен келісімді насихаттайтын, қауіпсіздікті сақтауға ықпал ететін көптеген маңызды шешімдердің авторы ретінде танылған. Аразданған тараптарды бітімге шақыратын бірқатар хаттаманы қабылдауға ұйытқы болды. Қақтығыстардың алдын-алу бойынша стратегияға Қазақстанның бастамасымен тұңғыш рет ядролық қаруды таратпау жөніндегі ұсыныс енгізілді. Оның дәлелі ретінде мемлекетіміз ерікті түрде әлемдегі 4-ші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартып, әлемдегі көлемі жағынан 2-ші орында тұрған Семей ядролық полигонын жапты. Сондықтан біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымында Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнін жариялау жөніндегі бастамасы жыл сайын жоғары бағаланады және атап өтіледі.

ХАЛЕД ХИАРИ, ТУНИСТІҢ БҰҰ-ДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 - Жаһандық процестердегі Қазақстанның рөлін айрықша атап өткім келеді. Ядролық отын банкін құру, Қазақстанның ядролық қаруды жою мен таратпау жөніндегі ниетін айғақтай түсті. Сондай-ақ әлемдегі бейбітшілік пен келісімді сақтау мәселесіне келсек, елдеріңіз көпке үлгі.