Қазақстанның бітімгерлік бастамалары

Қазақстанның бітімгерлік бастамалары

Шетелдік сарапшылар жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке рөлін талқылауда. Халықаралық ұйымдардың өкілдері біздің еліміздің Астанада өткен Сирия шиеленісіне байланысты келіссөздер мен ядролық қарусыздануға байланысты бастамаларын атап өтуде.

НИКЛАС НИЛЬССОН, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ДАМУ САЯСАТЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ /ШВЕЦИЯ/:

– Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан Ауғанстан мәселесін бірнеше мәрте көтерген болатын. Қазақстан осы мәселені шешуде көшбасшы рөлін атқарып отыр. Мұны атап өтпеуге болмайды. Бұл бастама Орталық Азиядағы ахуалды барынша тұрақты және қауіпсіз ете түседі деген ойдамын.

Әлемдік сарапшылар мен халықаралық ұйым өкілдері жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы тек Қазақстанның рөліне тоқталмады. Олар елбасының бейбітшілік пен келісім идеясының арқасында көптеген елдердің байланысы мен әріптестігінің нығая түскендігіне тоқталды. Басқосу барысында Астананың жаһандық интеграция орталығына айналғандығы да сөз болды.

МҰСТАФА ШЕНТОП, ҰЛЫ ҰЛТТЫҚ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ВИЦЕ-СПИКЕРІ /ТҮРКИЯ/:

 - Әр елдің тарихында қиын кезеңдер болады. Түркия үшін осындай күн 2016 жылдың 15 шілдесі болды деп ойлаймын. Ол кезде елде әскери төңкеріс жасалмақ болды. Бұдан соң біздің елімізге шетелдік мемлекеттік қайраткерлер ішінде Нұрсұлтан Назарбаев алғаш болып қолдау көрсетті. Ал 2016 жылдың 5 тамызында ол Түркияға келді. Бұл сіздердің президенттеріңіздің қауіпсіздік пен әріптестік орнатудағы маңызды рөлін аңғартады деп ойлаймын. Бүгінгі басқосуда айтылған сөздерге дәлел болады.