Қазақстан бастамасымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарихи шешім қабылдады

Қазақстан бастамасымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарихи шешім қабылдады

Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі тарихи шешім қабылдады. Айта кетейік, бастамаға Қауіпсіздік Кеңестің барлық мүшелері қолдау білдірді. Қазақстан кеңесте Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарды қолдады. Бұл санкциялар 2009 жылы енгізілген. Үстіміздегі жылдың маусым айында бүкіл әлем Эритрея мен Эфиопия арасындағы тарихи татулыққа куә болды – екі елдің басшылары саяси ерік-жігер танытып, 80 мыңнан астам адамның өмірін қиған 20 жылдық қарсыласуын тоқтатты. Бұл оқиға жақындасу және қос қала арасындағы жоғары деңгейдегі алғашқы байланыстарға жол ашты. Айта кетейік, Қазақстан Африкада бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі міндеттемеге басшылық етті. Қауіпсіздік Кеңесінде Республиканың осы жұмысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген 7 басымдықтардың бірі болып табылады.

ҚАЙРАТ ОМАРОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҰҰ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 - Қазақстан Африкадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға деген ұмтылысын басшылыққа ала отырып, Эритреяға қарсы санкцияларды алып тастау туралы шешімді қабылдау үшін дауыс берді. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сомали мен Эритреядағы санкциялар жөніндегі комитетінің төрағасымыз және бүгінгі нәтижелерді мақтан етеміз. Біз Африканың мүйісінде бейбітшілік процесіне өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз. Еліміз осы өңірдегі соңғы жетістіктер Африканың өзге бөліктері мен басқа елдердегі қақтығыстарды шешу үшін үлгі болатынын сенімдіміз.