Қазақстандағы Өзбекстан жылы

Қазақстандағы Өзбекстан жылы

Биылғы Қазақстандағы Өзбекстан жылы мемлекеттердің екі жақты қарым-қатынасының дами түсуіне үлкен сеп болды. Астанадағы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатовтың айтуынша, 2018 жылы жүзеге асқан бұл бастама тараптар арасындағы түрлі бағыт бойынша әріптестік орнатуға жол ашты. Бизнеспен қатар, ғылыми байланыс та жақсы қарқынмен  артып келеді. Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында 200-ге тарта шара ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Олардың бірі – жақында Шымкент қаласында өткен бизнес-форум. Жиында елдер арасында туризм бағытында жасалған жұмыстар қорытындыланды. Сондай-ақ Орталық Азияның туристік өнімдерін Ресей, Еуропа елдеріне шығару және өңірге келетін саяхатшылар ағынын еселеу мәселелері талқыланды.

ШЕРЗОД ПУЛАТОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Бұл аймақ аралық форум болды. Онда Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының қала және облыс деңгейіндегі әкімдер өзара бірқатар ынтымақтастық меморандумдарын жасасты. Жалпы келісімдер құны бір миллиард теңгенің шамасын құрап отыр. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымын 5 миллиардқа жеткізуде қомақты үлес болмақ. Биылғы сауда саттығымыз екі миллиардтан асты. Меніңше ел басшылары жүктеген тапсырмалар уақытынан бұрын орындалады.  

Қазақстан мен Өзбекстан мәдени байланысты дамытуғада ден қойып келеді. Биыл екі мемлекет аумағындада халықтарымыздың мәдениеті мен тарихынан сыр шерттер орталықтар ашылды.

ШЕРЗОД ПУЛАТОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  Өзбекстан президенті мәдени қарымқатынасты жандандыруға үлкен көңіл бөледі. Осы жылдың Наурыз айында ол Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтің мұраларын зерттеудің маңыздылығын айтқан болатын. Ал Астанада Алишер Новаи және басқада түркі халқының ғұламаларына арналған әдеби кештер өтіп тұрады. Өйткені олар Орталық Азия аймағына ортақ тұлғалар. Сондықтан елбасшыларымыз бабалар мұрасын сақтап, көпке насихаттау ісіне үлкен мән береді.   

Өз кезегінде 2019 жыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы деп жарияланды.