БҰҰ ҚК құрамындағы Қазақстан қызметі

БҰҰ ҚК құрамындағы Қазақстан қызметі

Қазақстан әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту бағытындағы іс-қимылын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамында белсенді жүргізуде. Беделді органда Африка мен Таяу Шығыстағы ахуал талқыланды. Кеңеске мүше елдер Қазақстанның бұл мәселе жөніндегі сындарлы ұстанымын тілге тиек етті. Еліміз маңызды резолюциялардың қабылдануына үлес қосуда. Экваторлық Гвинеяның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Хоб Обианг Қазақстанның ұйымдағы белсенділігіне ризашылығын білдірді. Орталық Африкада орналасқан бұл мемлекет Қауіпсіздік Кеңесінің 2018-2019 жылдардағы тұрақты емес мүшесі.

ХОБ ОБИАНГ, ЭКВАТОРЛЫҚ ГВИНЕЯНЫҢ БҰҰ-ДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Конго мемлекетіндегі сайлау туралы сөз қозғадық. Сонымен қатар Сирия және Палестина мәселелері де талқыланды. Әлемнің ядролық қарудан азат болуы – қауіпсіздіктің кепілі. Сондықтан бәріміз бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Осы орайда Қазақстанның қосқан үлесі зор. БҰҰ-дағы Қазақстан өкілдерімен тығыз серіктестік орнаттық.