Қазақстан-Словакия бизнес-форумы

Қазақстан-Словакия бизнес-форумы

Қазақстан мен Словакия сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуде. Бұл туралы екі ел үкіметі басшыларының қатысуымен өткен бірлескен бизнес-форумда айтылды. 120-ға жуық кәсіпкер B2B-кездесулер өткізіп, агро және өңдеу өнеркәсібі секторындағы, көлік-логистика саласында, оның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Айта кетейік, Словакия мен Қазақстан арасында сенімді саяси диалог орнатылған. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық саладағы әріптестікті дамыту бағытында да қолайлы жағдайлар жасалған.

НҰРАЛЫ БӨКЕЙХАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ПАЛАТАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазақстаннан Словакияға экспортталатын өнімнің көп бөлігі – бұл газ, шикізат өнімдері. Словакия – Еуропадағы көлік өнеркәсібінің көшбасшысы. Бір азаматқа 134 көліктен шығарылады. Олар Қазақстанға да экспортталады. Форумға Словакиядан ауыл шаруашылығы компаниялары және өндірістік компаниялар келді.