Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының хабы ашылды

Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының хабы ашылды. Саяси маңызды іс-шара мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған. Жалпы аумағы 30 мың шаршы метрге жуық халықаралық талаптарға сай салынған ғимарат енді БҰҰ барлық құрылымдарын бір шаңырақ астына біріктіретін болады. Сарапшылардың пікірі бойынша, барлық күш-жігерді бірегей ұйымда шоғырландыру тың бастамалардың локомотиві болуға ықпал етеді.

ЕРЖАН АШЫҚБАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұл орталық  тұрақты даму мәселелерін алға жылжыту тұрғысынан  Орталық Азия мемлекеттері үшін маңызды оқиға деп білеміз.  Себебі, бүгінгі таңда барлық БҰҰ агенттіктері бір шаңырақ астына ұйымдастырылды. Сәйкесінше, өздерінің жұмыстарын үйлестіру бірлескен жұмыстар мен жобаларды іске асыру тұрғысынан шарттар жеңілдетілді. Бұл, әрине, Қазақстан үшін, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия үшін маңызы зор орталық болмақ.

Жаңа кеңсенің ашылуы халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесуге қосымша мүмкіндік ашты. Сонымен қатар қазақстандық орталық дарынды жастарға келешегі жарқын болашақ сыйлайды,- дейді  Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша ЮНИСЕФ өкілі.

АФШАН ХАН, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ЕУРОПА ЕЛДЕРІ БОЙЫНША АЙМАҚТЫҚ ДИРЕКТОР:

 - ЮНИСЕФ үшін БҰҰ-ның маңызды бір бөлшегі болу үлкен дәреже. Сондай-ақ бұндай ғимараттың ашылуы соған ықпал етеді. ЮНИСЕФ ұйымы ретінде Орталық Азия хабы болып табылады. Біз балалар, жасөспірімдер, жастарға қатысты барлық мәселелерді қарастырып, халықаралық сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істейміз. Бұл ғимарат – біз үшін үлкен маңызға ие.