Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Финляндияға ресми сапармен барады

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Финляндияға ресми сапармен барады

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Финляндияға ресми сапармен барады. Елбасы аталмыш мемлекет Президенті Саули Нийнистёмен және бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесетін болады. Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымы 308 миллион доларды құраған. Биыл ағымдағы 7 айда екіжақты сауда-саттық 160 миллион долларға жетті. Бүгінге дейінгі 13 жылда Финляндиядан 334 миллион доллар тікелей инвестиция тартылған. Қазір Қазақстан аумағында фин капиталының қатысуымен 50 кәсіпорын  жұмыс істеп тұр.

АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

– Бұл – Қазақстан Президентінің Финляндияда 2-ші ресми сапары. Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы мемлекеттік сапары 2009 жылдың наурыз айында болған еді. Тараптар екіжақты келісім құжаттарына, оның ішінде 20-дан астам  коммерциялық келісімдерге қол қояды деп күтіліп тұр.

Сондай-ақ 18 қазан күні Брюссельде «Азия-Еуропа» форумы аясында өтетін XII саммитте Нұрсұлтан Назарбаев пен Бельгия Королі Филипп арасында екіжақты кездесу жоспарланып отыр. Кездесу барысында дәстүрлі түрде жаһандық, аймақтық қауіпсіздік және экономикалық мәселелер талқыланатын болады. Қазақстан – Орталық Азия аймағында АСЕМ форумына мүше болған жалғыз мемлекет. Сапар барысында Елбасы машина жинау, металлургия, химия өнеркәсібі сынды салалар бойынша 30-ға тарта еуропалық компаниялар мен қаржы институттары өкілдерімен жүздесетін  болады.