Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің III отырысы

Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің III отырысы

Қазақстан және Канада өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуде. Оттава қаласында Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің III отырысы өтті. Басқосуға Қазақстан мен Канаданың мемлекеттік органдарының, дипломатиялық миссиялары және бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Сарапшылар атом энергетикасы мен гидрогеология, ауыл шаруашылығы, көлік және аэроғарыш өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі мен мұнай-газ салаларын дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен бірге екі ел үкіметтерінің өкілдері Қазақстан мен Канада арасындағы тауар айналымында оң қарқын бар екенін, сондай-ақ Қазақстанға инвестиция салу көлемі жөнінен топ-15 елдің қатарына енетін Канаданың үлесін атап көрсетті. Іскерлік кеңес алаңында Канаданың ғарыш агенттігі мен ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында Ғарыш өнеркәсібіндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар екі ел арасындағы іскерлік байланысты нығайту мен екіжақты ынтымақтастықты ұлғайту бойынша жұмыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Атап өтерлігі, Іскерлік кеңес өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, инвестиция тартудың және экономиканың түрлі салаларындағы бірлескен жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланатын маңызды диалог алаңына айналды.