«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 32 жеңімпазы анықталды

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 32 жеңімпазы анықталды.

Олардың қатарында түрлі саланың өкілдері бар. Барлық қатысушыға 700 мыңнан аса дауыс берілген. Жобаның III кезеңіне 2 мыңға жуық өтінім келіп түскен.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған бастама жетістікке  жеткен жас қазақстандықтардың өмірін өзгелерге үлгі ете отырып, ел дамуына үлес қосуға, еңбек етуге, бәсекеге қабілетті болуға шақырады.

РҮСТЕМ ЕРМЕКБАЙ, КӘСІПКЕР:

 - Еңбекті көріп, бағалап, жеңімпаз деп танып жатыр. Бұл үлкен қолдау. Біз қазақы нақыштағы киімдер тігеміз. Қазақстан бойынша 250 мыңнан аса киім өндірдік. 20 қалада 1200-ден аса серіктестеріміз бар. Мен шетелде туып өскенмін. Қазақы киім тігуді әжемнің оюларын көріп армандайтынмын. Компаниямды ашқанда қалтамда 35 мың теңге болған. Қазір үлкен холдингке айналдық. 

Фото: Казинформ