Қабанбай батыр ауылындағы мектепке – 70 жыл

Қабанбай батыр ауылындағы № 41 орта мектебіне биыл – 70 жыл.

Бүгінде білім ордасында 100-ден астам педагогтан 1200 оқушы білім алуда. Мектеп түлектерінің арасында елімізге, сондай-ақ шетелге танымал қоғам қайраткерлері мен ғалымдар бар. Ұстаздардың айтуынша, білім сапасының жоғарылығы, оқытудың озық әдістері және ең бастысы, білім ұясының дәстүрге бейімділігі – бұл мектепті басқалардан ерекше етеді.

БОТАКӨЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚАБАНБАЙ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ № 41 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

– Мектеп 1956 жылы алғашқы түлектерін түлетті. Ал биылғы жылы біз 64-ші түлектерімізді ұядан ұшырғалы отырмыз. Осы уақытқа дейін 3150 түлек бізден аттестат алып шықты.

СВЕТЛАНА ЛУЗАНОВА, ҚАБАНБАЙ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ № 41 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ (1986-2009):

- Мектеп заман талабынан қалыспауда және уақыт өте келе алға қойған міндеттерін сәтті жүзеге асыруда. Басынан мектебіміз әдістемелік жұмысты алға тартып, әлі күнге дейін өз бағытынан таймады. Инклюзивті білім беру бағытын да ұстанады.

САҒЫНДЫҚ ЖАНБОЛАТОВ, ҚАБАНБАЙ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ № 41 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ:

– Ол уақытта кішкентай мектеп болған. Кейін тағы бір мектеп салынды, осы үлкен мектеп салынғанда мен 6-7 сыныпта оқыдым. Шынын айтқанда сағынамыз. Мектебіміз өте ерекше болды.

Түлектердің арасында мұғалім мамандығы айрықша танымал. Ұрпақтар сабақтастығы, мұраны сақтау және дәстүрге деген адалдық – бұл «Рухани жаңғыру» қағидаттары бүгінде аталмыш мектеп қабырғасында қалыптасуда. Айта кетейік, бүгінде білім ордасында 23 түлек жұмыс істейді.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: kopilkaurokov.ru