Елімізде «100 жаңа есім» жобасының үшінші III кезеңіне өтінім қабылдау басталады

Бүгін елімізде «100 жаңа есім» жобасының үшінші кезеңіне өтінім қабылдау басталады.

Биылғы жоба Жастар жылына арналады. Оған 39 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Осылайша, білім-ғылымы толысқан, үздік маман, нағыз үлгі боларлық жастар көпшілікке насихатталмақ.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасын өткен жылдардағы ең белсенді жеңімпаздардан тұратын «Бюро 100» командасы қолдап отыр. Олар байқауға ең лайықты үміткерлерді іздестіру үшін Қазақстанның барлық аймақтарына баруды көздейді.

Өтінімдерді қабылдау 20-шы қазанға дейін жалғасады. Жоба нәтижелері желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өтетін таныстырылымда жарияланады. Айта кетейік, екі жылда бұл жобаға 5 мыңға жуық адам қатысқан.

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

-  Үлкен жобаны бастағалы жатырмыз. Өздеріңіз жақсы білесіздер, осыдан 2 жыл бұрын Елбасы «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасына бастамашылық етті. Осы орайда соның аясында «100 жаңа есім» жобасының III кезеңін бастамақпыз. Бұл жоба қоғамның дамуына өзінің үлкен ықпалын тигізіп келеді, сондықтан оны жалғастыруға бел будық.

Фото: Акорда