Елімізде «JasА» жастарды қолдау жобасы басталды

Елімізде «JasА» жастарды қолдау жобасы басталды

Жастардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жаупкершілігін арттыру. Осы мақсатта ел деңгейінде «JasА» жобасы қолға алынды. Игі бастама жастардың өз ортасында, яғни тұрып жатқан қаласы мен елді-мекенін көркейтуге арналған жаңашыл көзқарасы мен тың ойларын жүзеге асыруға бағытталған. Жоба бірнеше кезеңді қамтиды. Алдымен, үздік бастамалар іріктеледі. Бүгінде 1200 өтінім келіп түскен. Бұл 3 мың белсендіні біріктірген топтық жұмыстар. Ендігі кезекте олар сараланып, үздік деген жобаларды қаржылай қолдауға 100 грант бөлінбек. Әрбірі бастан-аяқ жүзеге асқанша жан-жақты сүйемелденетін болады. Қазір осы істе бағыт-бағдар сілтеп, кеңес беретін жоба жетекшілері оқытылып жатыр. Игі шара Жастар жылына орай қолға алынып отыр.

САЯ САҒЫНҒАЛИЕВА, МЕНТОР, /АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ/:

-  Жалпы Ақтөбе облысы бойынша 50-ден аса жоба ұсынылып отыр. Өңірдегі жастардың көп бөлігі жастардың қайырымдылық шаралары мен еріктілер қозғалысын дамыту және ауылдық жерлердегі жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған жобаларын ұсынып отыр. Біздің міндетіміз осы жерде алған біліміміз арқылы 6 ай бойы сол жастардың жобаларын жүзеге асыруға көмектесіп, бағыт-бағдар көрсету, кеңес беру және оларды жан-жақты қолдау.

Фото: Хабар 24