Игілікті 10 бағыт: Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі

Игілікті 10 бағыт: Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі

«Рухани жаңғыру» құндылықтары басты рухани бағдарымыз болып қала бермек. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткен 10 маңызды бағытында осы жағдай ерекше айтылған. Бұл игілікті іске Қазақстан халқы Ассамблеясының қосар үлесі мол болмақ. Елімізді мекен еткен 130-дан астам ұлт пен ұлыстың басын бір шаңыраққа жиып отырған институттың ғылыми-сараптамалық кеңесі осы ретте бірқатар шараларды қолға алған. Сарапшылар еліміздегі барлық ұлт өкілдері үшін ортақ құндылықтарды дәріптеуге айрықша мән беру керектігін айтып отыр.

АЙГҮЛ СӘДУАҚАСОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

- Біздің зерттеулеріміз біздің көпұлтты мемлекетімізде ұлттарды біріктіріп отырған құндылықтарға бағытталған. Қазақстанда түрлі этнос өкілдері көп болғандықтан әртүрлі тілде сөйлейді, түрлі дәстүрді дәріптейді. Бірақ біз мұндай құндылықтардың ортақ дүниесі бар екендігін көріп тұрмыз. Ол – денсаулықты бағалау, білім мен ілімді бағалау. Міне осы құндылықтардың айналасында қазақстандықтардың күнделікті өмірі айшықталады.

ШЕРЗОД ПУЛАТОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Ең басты байлығымыз – біздің бірлігіміз. Осы бірлікті сақтау үшін біз арқашанда өз үлесімізді қосып, оны түсініп және ұстанып келе жатырмыз. Сол бірлігімізді сақтау үшін біз ары қарайда бір болуымыз керек. Қазақстан – біздің ортақ отанымыз, мұнда біздің тең құқықтарымыз бар. Әрбір азамат осындай сәттерде отансүйгіштік қасиеттерін дұрыс көрсете алу керек.

ХАЛИЛ МАСЛОВ, ЕҰУ ҚХА КАФЕДРАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Қазақстан аумағындағы университеттерде ашылған ҚХА кафедралары «Мәңгілік ел» құндылықтары деген сабақты енгізіп, студенттерді оқытып жатыр. Сонымен қатар студенттер ғылыми жұмыстарын осы тақырып төңірегінде алып жатыр.

Фото: almaty-akshamy.kz