Нейрохирург Шыңғыс Шашкин сал ауруына шалдыққан балаларды емдейді

Нейрохирург Шыңғыс Шашкин сал ауруына шалдыққан балаларды емдейді

Еліміздегі «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы бірегей операциялар жасайды. Нейрохирург Шыңғыс Шашкин сал ауруына шалдыққан балаларды емдейді. Осылайша аяқ бұлшық еттерінің құрысуын басып, ол балаға өз бетінше жүруге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары отандық неврологтар мен нейрохирургтер жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр, дейді тәжірибелі маман. Бұған дейін бірнеше операция сәтті өткізілді.

ШЫҢҒЫС ШАШКИН, ЖОБА ЖЕҢІМПАЗЫ:

- Біз түйілуді де емдейміз. Жуырда ғана Алматыда сал ауруына шалдыққан баланың жұлынына алғаш рет аса күрделі операция жасадық. Осындай нейрохирургиялық операция арқылы науқастарды оңалту және сауықтыру мүмкіндігі артады деген сеніміміз мол.

Шыңғыс Шашкин 15 жылдан артық уақыттан бері тірек-қимыл жүйесінің бұзылуын зерттеумен айналысып жүр. Сонымен қатар Паркинсон ауруына шалдыққандар да дәрігердің көмегіне жүгінеді. Бұл аурудың белгілерін уақытылы анықтаған жағдайда, оны жеңуге болады, дейді дәрігер. Бұл кеселді жаттығулар жасау, дәрі-дәрмектер қабылдау, қажет болған жағдайда ота жасау арқылы дұрыс емдесе, одан арылуға болады.

ШЫҢҒЫС ШАШКИН, ЖОБА ЖЕҢІМПАЗЫ:

- Сонымен қатар, функционалды диагностика эпилепсияны хирургиялық жолмен емдеуде де ілгерілеп келеді. Бұл Қазақстанда дамытуды қажет ететін бағыттардың бірі. Ол дамиды және мамандардың, қондырғылардың жеткілікті болуының арқасында дамып келеді. Бұл ретте диагностикалау жабдықтарының дамуы маңызды. Осының барлығы дамып келеді.

Дәрігер медицинадағы өз жетістіктерімен ТМД елдеріндегі әріптестерімен бөліседі. Мұнымен қоса, Шыңғыс Шашкин нейрохирургия мен неврологиядан бірқатар конгресстер мен конференциялар ұйымдастырған, сондай-ақ, дәрістер оқу мен семинарларға белсенді түрде қатысады. «100 жаңа есім» жобасына қатысушының айтуынша, дәрігерлермен өткізілетін осындай кездесулер күрделі ауруларды емдеудің жаңа әдіс-тәсілдерін табуға септігін тигізеді.

Фото: 24.kz