«Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасы: Сарапшы пікірі

«Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасы: Сарапшы пікірі

Қазақстандықтардың жаңа инновациялық ұрпағын дайындау – табысты мемлекеттің дамуының басымдықтарының бірі. Саясаткерлер, ғалымдар және еліміздің қоғам қайраткерлерінің айтуынша, елдің болашағы жоғары, сапалы білім алған жастардың қолында. Олар елбасы саясаты мен «Нұр Отан» партиясы бағдарламасының 10 мақсатын толығымен қолдайды.

ҚАЗБЕК ҚАСКЕНОВ, АКАДЕМИК, ПРОФЕССОР, ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Президенттің 2030 жылға дейін қойған тапсырмаларының ішінде білімге үлкен мән беріледі. Сапалы білім беру – ең басты талаптардың бірі. Бұл туралы кезінде ежелгі грек философы Платон да айтып кеткен болатын. Елбасы да «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламаларымен ел алдында сөз сөйлегенде білімге көп көңіл бөледі. Осылайша, мемлекет пен партия алдына үздіксіз тұрақты білім беру жүйесін қалыптастыруға міндет қойып отыр, ал ең бастысы – барлық жаңа технологияларды игере отырып алға ұмтылу. Бүгінде біз цифрландыру, криптовалюта, блокчейн дәуірінде өмір сүріп жатырмыз.

Сонымен қатар сарапшылардардың айтуынша бүгінгі таңда жастар ақпараттық технологиялар саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Дегенмен, олар жаңашылдыққа ұмтылулары тиіс, ал мемлекет, өз кезегінде, жастардың жаңа қоғамын қалыптастыруға көмектесуі керек.

ҚАЗБЕК ҚАСКЕНОВ, АКАДЕМИК, ПРОФЕССОР, ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

-  Біз жас ұрпақты үздіксіз, барлық сала қамтылған білім беру, ең алдымен ақпараттық жүйе арқылы тәрбиелеуіміз керек. Бір уақытта «Нұр Отан» партиясы «Тек қана алға»  ұранымен шыққан болатын. Біз жастардың санасында озық парадигманы қалыптастыруымыз керек. Білім беру жүйесінде осы мақсаттарды берік ұстану – маңызды сәттердің бірі деп есептеймін.  

Фото: egemen.kz