10 мақсат: «Жастар – мүмкіндіктер ұрпағы»

10 мақсат: «Жастар – мүмкіндіктер ұрпағы»

Болашаққа инвестиция. Ел ертеңінің қамы – жастарды барынша қолдау. «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі жаңа стратегиялық бағдарламасында мемлекетттік саясаттың осы бағытына басымдық берілген. Еске салайық, құжатта 10 мақсат айқындалған. Жоспардың бірі «Жастар – болашақтың үлкен мүмкіндіктерінің ұрпағы» деп аталады. Қабылданған кешенді бағдарлама аясында жастардың әл-ауқатын арттыру үшін әлеуметтік тұрғыда демеу, шығармашылық әлеуеттерін жетілдіру, бойларына отансүйгіштік қасиетті баулып, жастар саясатының тиімділігін еселеу көзделіп отыр. Қоғамның белсенді өкілдерінің күш-жігері мен білімін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бағытында кәдеге жарату керек деп пайымдайды, мамандар. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде жалпы халық санының 4 миллионын жастар құрап отыр.

ҒАЗИЗАТ ИМАҚОВА, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ  ДОЦЕНТІ, САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

-  Президент жастарға бөлек әлеуметтік топ ретінде қарайды. Егер 18-ші форумға дейін біз 29 жасқа дейінгі адамдарды жастардың санатына еңгізсек, жиыннан кейін бұл деңгей 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Бұл біздің халық менталдылығы үшін өте тиімді деп есептеймін. Мемлекет өз азаматтарын қорғау үшін барын жасап жатыр. Ол алдымен – өмір сүру деңгейін арттыру. Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміз әлеуметтік бағытта дамып келеді.  

Фото: sputniknews.kz