Нұрлы жол мемлекеттік бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылады

Нұрлы жол мемлекеттік бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылады

Нұрлы жол мемлекеттік бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылады. Өйткені мемлекетке түсірген кірісі мен елге тигізген пайдасы көп: көлік инфрақұрылымы жақсарып, республикалық автомобиль жолдары, магистральдық теміржол желілері мен логистикалық инфрақұрылымның өткізу қабілеті арта түсті. Өткен жылы, көлік қызметтері - 4,6 процентке, еңбек өнімділігі - 3,4 процентке өсті. Бағдарламаны іске асыру елдің көлік әлеуетіне үлкен серпін берді. Өткен жылда транзиттен түскен кіріс 1,5 млрд долларды құрады. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жол салу жұмыстары жалғасады.

РОМАН СКЛЯР, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

 - Қарағандыдан Алматыға дейін және Ақтөбеден Ресей Федерациясы шекарасына  дейін құрылыс жұмыстары басталады. Жыл соңында қайта жаңғыртылған 654 шақырым автожол қозғалысын ашу жоспарлануда. Республикалық маңызы бар 1,6 мың шақырым автожол жөнделеді.

Жалпы 2018 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 437,2 миллирд теңге бөлінді. Ал 2019 жылға 520 миллиард қарастырылды. 1-ші наурыздағы жағдай бойынша, оның 17,2 миллиарды жүйелі жұмсалған.

РОМАН СКЛЯР, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

 - Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының съезінде берген тапсырмасын орындау аясында қаржыландыру жыл сайын 200 миллард теңгеге артатын болады. Осындай қарқын келер жылдарда сақталды. Бұл 2025 жылға дейін шамамен 35 мың шақырым жолды жөндеуге және 95 процентке жергілікті маңызы бар автожолдардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жоспар – жыл сайын 5 мың шақырым жолды қолданысқа беру. Сонымен қатар логистиканың жақсаруымен кәсіпкердің жол шығындары кемиді. Жалпы биыл елімізде республикалық маңызға ие 4,4 мың шақырым жол жаңадан салынады.

Фото: inform.kz