«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: ЮНЕСКО-ның бейбітшілік жөніндегі артисі Батыржан Смаков

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: ЮНЕСКО-ның бейбітшілік жөніндегі артисі Батыржан Смаков

ЮНЕСКО-ның бейбітшілік жөніндегі артисі. Қазақстандық Батыржан Смаков Сирия балаларына көмек көрсетуге арналған қайырымдылық концерттер сериясы үшін осындай атаққа ие болған. Ол – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, еліміздегі жалғыз контртенор, қазақтың хор музыкасының антологиясын құрастырушы, белгілі дирижер. Әлемнің алдынғы қатарлы театрлары қазақстандық өнерпазды өз сахнасында өнер көрсетуге шақыруда. Италия, Грузия, Франция, Мысыр, Иордания, Ресей, Польша елдерінің өнерсүйер қауымы Бауыржан Смаковты сүйіп тыңдайды. Биыл көктемде ол Еуропаның бірнеше елін аралап, концерттер бермек.   

БАТЫРЖАН СМАКОВ, ЖОБА ЖЕҢІМПАЗЫ:

- Кешкі сағат 11-12-де ұйқыға жатып, 7 жарым-8-де тұрамын. Бұл дауыс желбезегінің толықтай демалуы үшін, вокалдық деңгейімді қалпында ұстап тұру үшін қажет.

Жас дирижер Италияның Джоакино Россини консерваториясын бітірген. Аппенин түбегінде 6 жыл тұрып, Халықаралық опера академиясында білім алған. Қазір Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс береді. Батыржан Смаковтың айтуынша, табысқа жету үшін дарыннан басқа, қажырлы еңбек, тәжірибені тұрақты негізде жетілдіріп, жаңа білім алуға ұмтылу керек.

БАТЫРЖАН СМАКОВ, ЖОБА ЖЕҢІМПАЗЫ:

 - Әрине, жетістік оңайлықпен келген жоқ. Бірден бірнеше міндетті шешу қажет болды. Кәсіби тұрғыдан да, басқа жағынан ба. Ол кезде мен кантаталарға, ораторияларға дирижерлік жасадым. Бірақ одан ұтылған жоқпын, көп тәжірибе жинадым.

Жақында елорда тұрғындары мен қонақтары да еліміздегі жалғыз контртенордың өнерәне тәнті болмақ. 21 сәуірде «Астана Опера» театрында «Венециялық регата» концерті өтеді.

Фото: inform.kz