«Бақуатты қоғам: Онжылдықтың 10 мақсаты» мақаласына сарапшылар пікірі

«Бақуатты қоғам: Онжылдықтың 10 мақсаты» мақаласына сарапшылар пікірі

Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде бекітілген бағдарламамен ашылды. Бұл пікірді саяси және ғылыми қайраткерлер, кәсіпкерлер мен зиялы қауым өкілдері айтып отыр. «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» жаңа бағдарламасы 2030 жылға дейін жоспарланған. Бұл мерзім Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына қосуда шешуші болуы мүмкін, - дейді сарапшылар.

ДӘРИЯ ҚОЖАМЖАРОВА, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК-ҚАЗАҚАСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Съездің басты міндетін елбасы өзінің баяндамасында текшелеп айтып берді. Ол негізгі 10 бағыттан тұрады. Съездің, елбасы баяндамасының басты міндеті – ол әлеуметтік жағдайды, әсіресе еліміздің әлеуметтік, экономикалық тұрлаулы екендігін тағы да бір баяндау болып отыр. «ХХІ ғасырда өз білімі мен ғылымын дамыта алмаған ел  тығырыққа тіреледі», деп айтқан маңызды сөзі бар, осыған байланыстырып айтатын болсақ, қазір Қазақстандағы білім мен ғылымның даму жолдарының жаңа әлеуетке түсуі, жаңа бастамаларының бар екендігі туралы айтып өтті. 

Қазақстанның жас ұрпағының жан-жақты дамуына да мол мүмкіндіктер ашылады. Мемлекет басшысы да еліміздің болашағы – жастардың қолында деген пікірді алға тартып, басты назарда ұстап келеді. Ғылым мен мәдениетке, сондай-ақ бизнес пен спортқа мемлекеттік қолдау беріліп келеді.

ДІНМҰХАМЕД КҮЗИЕВ, ТЕМІРБЕТОН ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРУ ЗАУЫТЫНЫҢ БАСШЫСЫ, ЖАС КӘСІПКЕР:

 - Осы жылы жаңа жобаларды ойлап, іске асырушы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталып отыр. Сондықтан өз басым биылғы жыл өскелең ұрпақтың өз мүмкіндіктерін көрсетулеріне үлкен көмек, серпін болады деп ойлаймын. Бүгінгі күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясатта ұстанған бағытының арқасында біздің елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық, этносаралық келісім, халықтар достығы мен өзара түсіністігі орнаған. Менің ойымша, бұл – үлкен жетістік.

Фото:24.kz