«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Серік Нұркенов

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Серік Нұркенов

Серік Нұркенов – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпаздарының бірі. Физик Қазақстанда ядролық медицинаның жаңа бағытын енгізді. Оның көмегімен онкологияны, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік бар.

СЕРІК НҰРКЕНОВ, «100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

-  Бұл жерде радиоактивтік затты қолдану артықшылығы бар. Ол ағзаға түскен кезде қан айналады және бұл обыр жасушаларының ошағын табады. Яғни бүкіл денені сканерлеу толығымен жүргізіледі.

Бүгінгі таңда елімізде заманауи технологиялардың көмегімен 17 мыңнан астам қазақстандыққа зерттеу жүргізілді. Серік Нұркенов өз білгенін студенттермен бөлісуде. «Ядролық медицинаның физикалық негіздері» және «Медицинада ядролық қондырғыларды қолдану» атты 2 арнайы курс әзірледі. Кешегі студенттер бүгінде алған білімдерін іс жүзінде қолдануда.

СЕРІК НҰРКЕНОВ, «100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

-  Мемлекет басшысы әрдайым жоғары оқу орындарының болашақ мамандықтарын дайындауы керек екенін әрдайым атап өтеді. Бұл ретте медициналық физика мамандығының жөні бөлек екенін айта кету маңызды. Себебі бүгінгі таңда онкологиялық ауруларға шалдықққан науқастардың саны жыл санап өсіп келеді. Қазіргі кезде 15-тен астам жас түлек біздің еліміздің түрлі орталықтарында медициналық физикадан білім алуда.

Серік Нұркеновке «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысу үшін еліміздің 15 мыңға жуық тұрғыны дауыс берген. Ғалымның айтуынша, бұл оның бойына сенімділік ұялатып, жаңа жетістіктерге жетелейді.

Фото: 24.kz