Қазақстан-Оңтүстік Корея: Мұрағат әріптестігі

Қазақстан-Оңтүстік Корея: Мұрағат әріптестігі

Қазақстан мен Кореяның өзара әріптестігі нығайып келеді. Тараптар «Архив-2025» бағдарламасының аясында байланыс орнатпақ. Мұрағат ісі жөніндегі ынтымақтастық 2 жыл бұрын басталды. Тараптар меморандумға қол қойған. Бұл құжат қазақстандық архив қызметкерлеріне таңғы самал елінің әріптестерімен тәжірибе алмасып, ақпарат алуға мүмкіндік береді.

ПАК СОН БЭ, КОРЕЯ ҰЛТТЫҚ АРХИВІНІҢ АҒА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Кореяда маңызды құжаттарды цифрландыру 1962 жылы, ал сканерлеу 50 жыл бұрын басталды. Архивте 5 миллионнан астам құжат бар, олардың 600 мыңы цифрландырылған. Бұл жабдықты пайдалану алғаш рет 10 жыл бұрын басталды, келесі жылы жаңасын сатып алуды жоспарлап отырмыз.

Архивтік құжаттармен жұмыс істеу демалыс күндерінде ғана тоқтатылады. Суреттер зақымдалса, ол фоторедактор арқылы қалпына келтіріледі. Бұл бөлмеде қағаздар сканерленеді. Оларға зиян келтірмеу үшін қызметкерлер бетперде мен қолғап киеді. Барлық ресми құжаттар сканерден өтеді. Ел лидерлерінің портреттері, шет мемлекеттер басшыларының сыйлықтары да осында тұр. Мәселен, мына арба Президент Но Му Хёнға 2004 жылдың қыркүйегінде Астанаға келген кезінде сыйға берілген.

ПЕК ЮН ХИ, КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Тақтада музейімізде көрсетілмеген шамамен 40 экспонат туралы ақпарат берілген, оны толығырақ веб-сайтымызда көруге болады. Бұл бағдарлама 2016 жылы дайындалған. Экспонаттардың түпнұсқаларының температурасы 18 градус және ылғалдылығы 40-50% архивтік қоймада сақталады.

Ал Сеул архивінде Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылы Сеулге жасаған алғашқы ресми сапарының суреттері сақталған. Оңтүстік Корея көшбасшысы Но Му Хеннің да 2004 жылы Қазақстанға барған тұңғыш сапарының бейнекадрлары бар. Мұрағат қызметкерлері күш біріктіру арқылы осы құнды жәдігерлерді келешек ұрпаққа жеткізуге болады дейді.