Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша отандық БАҚ өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.

Ақордада өткен басқосуда Мемлекет басшысы биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Елбасы  мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы әңгімелеп, жаңғыру жөніндегі реформалар мен бағдарламаларды іске асыруды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы басты жетістіктері туралы айтып, жақында болған кадрлық өзгерістерге байланысты түсініктеме берді. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми емес сұрақтар да қойылды.