Саймон Гейганның «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына пікірі

Саймон Гейганның «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына пікірі

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақстанға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Оның арқасында әлем жұрты Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы бір адамдай-ақ біледі. Әлемдік деңгейде аты шыққан аударма ісінің майталманы Саймон Гейган осындай пікір айтты. Ол – қазақ прозасының жауһарлары Мұхтар Әуезовтің «Қаралы сұлу» және басқа да әңгімелерін, Оралхан Бөкеевтің «Кісі киік» және Герольд Бельгердің «Таңдамалы шығармаларын» ағылшын тіліне тәржімалаған аудармашылардың бірі.

САЙМОН ГЕЙГАН, АУДАРМАШЫ:

-  Ұлы дала елінің өркениеттің дамуы үшін қосқан үлесі зор. Әсіресе атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығына тоқталғым келеді. Жылқыны қолға үйрету үрдісі шынымен де тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аймағында пайда болғаны белгілі. Бұған антропологтардың зерттеулері дәлел. Бұл жайт адамзат тарихы үшін макромәдениеттен де маңыздырақ болуы мүмкін. Біз Қазақстанға барған сайын өзіміз үшін бұрын-соңды білмеген жаңалықтарды ашумен боламыз.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы өзектілігімен маңызды. Ол әлем білуі тиіс мәселелерді қозғады, дейді белгілі жазушы әрі журналист Ник Филдинг. Оның пікірінше, жаһандық қауымдастық мақаланы талқылап, өз пікірін білдіріп және идеяларын таратуы қажет.

НИК ФИЛДИНГ, ЖАЗУШЫ:

-  Президент өз мақаласында Қазақстан – Түркі әлемінің бесігі, деді. Алтай шынымен де сол аймақтың нақ жүрегінде орналасқан. Сіздің ел, бір жағынан алып қарасақ, бұл қырынан таныла қойған жоқ. Сондықтан Қазақстанда түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталғаны туралы күллі әлем білуі керек деп ойлаймын.