Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өзбек тіліне аударылды

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өзбек тіліне аударылды

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өзбек тіліне аударылды. Оны бауырлас елдің белгілі ақыны Янгабай Кучкаров тәржімалап шығыпты. Жазушы мақаланы ұлаң ғайыр қазақ даласының ғана емес, жалпы түркі халқына ортақ тарихты ұлықтауға арналған маңызды құжатқа теңеді. Бұл Алаш жұртының түп-тұқиянын танып білуге бағытталған бастама, дейді ақын. Ұлан ғайыр жерді мекендеп, табиғатпен етене байланысып өскен Алаш баласы жылқы тұқымын қолға үйретті. Сол ұлы дала төсінен «Алтын адамның» табылуы қазақ жерінде металлургияның қаншалықты дамығанын көрсетеді. Мақалада күллі Түркі жұртының түп-төркіні жатыр, дейді аудармашы.

ЯНГАБАЙ КУЧКАРОВ, ӨЗБЕКСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Қазақстанның өткені мен орта ғасырлардағы тарихы, бүгінгі күні мен келешегіне терең назар салған. Бұның маған қатты ұнағаны Қазақ халқының тарихи этнографиясы, мәдениеті мен әдебиеті, фальклоры, музыкасы басқа да қайталанбас тұстары толық қамтылған. Геродот өз жазбаларының бірінде аттарының әбзелдері алтыннан, деп келтіреді. Демек осы Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласында айтылған Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» нақты осы Геродоттың пікірлерін растап, әрі толықтырып тұрғандай көрінді.