Құрғақ портының әлеуеті

Құрғақ портының әлеуеті

Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру – Ұлт жоспарының 65-ші қадамында көрсетілген міндет. Мысалы, жыл басынан бері Қазақстанға Қытайдан әкелінген тауарларға байланысты рәсімделген транзиттік декларацияның жалпы саны 26 мыңнан асты. Бұл былтырғымен салыстырғанда 20 пайызға артық. Ал тауардың жалпы салмағы 5 миллион тоннадан асады. Бұл былтырғыдан 500 мың тоннаға артық. Тауарлардың негізгі бөлігі теміржол арқылы тасымалданады. Еліміздің ішкі аумағына әкелінген тауарлардың 28 пайызы кедендік декларациядан өткен. 65 пайызы үшінші мемлекеттерге жөнелтілсе, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 6 пайызы жіберілген. Импорт және экспорт бойынша елімізде 11 ай ішінде 15 мың декларация рәсімделген. Тауардың жалпы салмағы 500 мың тоннадан асса, статистикалық құны 950 миллион АҚШ долларына жуықтаған.

ҒАБИТ ОРАЗОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МКД КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Құрғақ порттың басты артықшылығы – ол жылдамдық. Оның ішінде контейнерлердің өңдеу қабілетінің үлкен қоры бар екен. Сондай-ақ транизитті цифрларндырудың маңыздылығын атап өткен жөн. Өйткені ол жүк тасымалдаудың жылдамдығына тікелей әсерін тигізіп отыр. Осы   бағытта кеден саласында «Астана-1» ақпараттық жүйесі орнатылған болатын. Нақты жүйе бойынша тауарларды ресімдеу, қағаз жүзінде ресімдеу жүйесі алынып тасталып отыр.