«Ұлы даланың жеті қыры» украин тіліне аударылды

«Ұлы даланың жеті қыры» украин тіліне аударылды

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы украин тілінде аударылды. Тәржімалаған – Украина-Қазақстан қатынастары институтының директоры, жазушы Николай Степаненко. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бағдарламалық мақаласында Қазақстан ғана емес, Украина үшін де маңызды тақырыптарды көтерді деп ой түйеді ол. Ең алдымен, Украина жастарын танымдық материалмен жақыннан таныстыру мақсатын көздедік, дейді жазушы.

НИКОЛАЙ СТЕПАНЕНКО, МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ УКРАИНА-ҚАЗАҚСТАН ҚАТЫНАСТАРЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ЖАЗУШЫ:

 - Сондықтан ел жастарының еңсесін тіктейтін патриоттық бағыттағы іс-шаралар қажет. Жастар өз тарихын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін дәріптегені дұрыс. Украина ағарту саласының мамандары Қазақстан басшысының мақаласын осы елге де аса қажет деп есептейді. Онда көтерілген әр тармақтың орны салмақты: «архив» болсын, «тарихи сананы жаңғырту», «Ұлы даланың ұлы есімдері» сияқты ұшқыр ойлар жүзеге асып жатса, мемлекет үшін аз олжа болмайды.

Николай Степаненко Киев студенттері алдында «Ұлы даланың жеті қыры» атты лекция оқуды да жоспарлайды. Сонымен қатар Николай Степаненко – бірқатар ғылыми-танымдық материалдың әрі Қазақстан жайлы 10-ға жуық еңбектің авторы.