Маңғыстау облысында 5 ежелгі жерасты мешіті мен 20 құдық табылды

Маңғыстау облысында 5 ежелгі жерасты мешіті мен 20 құдық табылды

Маңғыстау облысында 5 бірдей ежелгі жерасты мешіті мен 20 құдық табылды. Аймақ тарихшылары мұндай олжаға тарихи-мәдени нысандарды зерттеуге бағытталған кешенді экспедицияның алғашқы кезеңінде қол жеткізді. XIX ғасырға тән жерасты мешіттері Маңғыстау мен Түпқараған аудандарының аумағынан табылған. Ал құдықтар есепке алынып, аймақтағы құдықтар картасына енеді. XIX ғасырдың 20-шы жылдары өңірде суы ащы-тұщысы аралас 4 мың 168 құдық болған. Экспедиция жұмысына алыс, жақын шетелдерден 40 ғалым қатысты. Олар археологиялық ескерткіштерді зерттеп, этнографиялық ақпараттарды жинақтады. «Отпантау», «Шерқала» сынды тарихи орындардың туристік әлеуетімен танысты.

МАРАТ ӨТЕСІНОВ, МАҢҒЫСТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚОРЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Осыған дейін I-IX ғасыр аралығындағы Маңғыстау өңіріне қатысты бірде бір дерек тіркелмеген еді. Аймаққа жасалған экспедицияның арқасында ежелгі тарихтың жаңа беттері ашылып жатыр. Көптеген ескерткіштер табылуда. Алдағы уақытта қоржынымызды тағы да құнды деректермен және жәдігерлермен толтырамыз деген ойдамыз.