Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Анкарада талқыланды

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Анкарада талқыланды

Қазақстан Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Анкарада талқыланды. Шараны Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Өкілетті Кеңес Басқармасы ұйымдастырды. Жиынға Анкара қаласындағы ілгері оқу орындарының профессорлары мен студент жастар қатысты. Олар Елбасы мақаласының маңызды тұстарына айрықша тоқталып, ауқымды тұрғыда талдады.

МЕХМЕТ ТОПЛУ, АНКАРА ХАЖЫ БАЙРАМ ВЕЛИ УНИВЕРСИТЕТІ КОММУНИКАЦИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ҰСТАЗЫ, ДОЦЕНТ:

 - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы қазақ халқының тарихын жандандырып, терең тарихқа үңілуіне жол ашады. Мұндай бағдарламаны Түрік елі 1930 жылдары жүзеге асырған. Бұл елдің болашағы үшін өте маңызды.

Профессор Болатбек Абдрасилов мақаладағы бастамалар мен бағдарламалар оқу орындарына үлкен міндет артып отырғандығын баян етті. Ғылым ошақтары мақаладағы басым бағыттарды жүзеге асыруда алғы шепте болу қажеттігін айтты.

БОЛАТБЕК АБДРАСИЛОВ, Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ПРОФЕССОР:

-  Біз ойлаймыз, біздің докторанттар осы істерге қатысса, ғылыми зерттеу жұмыстарын, тематикалары мен мазмұндарын балаларымыздың тарихына қатысты көптен көңіл бөлсе деген пікір алыстық. Шынымен де бүгін өз ой-пікірлерін айтқан докторанттар, осы мақаланы қолдау бағытында жұмыстарға үлес қосамыз деген тілектерін айтты.

МҰСА ЙЫЛДЫЗ, ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ПРОФЕССОР:

 - Қазақстан Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласына нендей үлес қоса аламыз, қандай жобаларды жүзеге асыруға болады деген сұрақтарды қарастырдық. Осы орайда, жоғарғы оқу орнымыз 2 жылда бір рет Түркология конгресін тұрақты түрде ұйымдастырып жүр. Бұл шараны одан әрі жетілдіріп, конгресті Астана қаласында ұйымдастыруға мұрындық болуды көздеп отырмыз.

Ғалымдар Президент мақаласындағы «Архив – 2025» бағдарламасы мен Түркологтардың әлемдік конгресін шақыру идеясы көкейге қонған бастамалар екенін айрықша атап өтті.