«Ұлы даланың жеті қыры»: Ұлы даладағы технология мен инновация

«Ұлы даланың жеті қыры»: Ұлы даладағы технология мен инновация

Технологиялар мен инновациялардың бәрі далада пайда болды. Тек кейін барып, барша әлемге тарады. Ұлы дала мен ежелгі мәдениеттің маңыздылығын өз мақаласында елбасы да атап өтті. Мұраның мән-мағынасына ғылыми қауымдастық өкілдері де тоқталып отыр. Ғалымдардың айтуынша, тарихи дамудың өткені мен болашағын мыңжылдықтарды саралаудың арқасында көруге болады. Көне зерттеулер мен заманауи тәсілдердің көмегімен  қоғамның материалды және рухани мәдениеті дами түседі, - дейді олар. Қазіргі таңда ата-бабалары­мыздың адамзаттың дамуына қосқан ұлы үлесі мойындалып, жа­һан­дық тұрғыда танылуда.

ВИКТОР ЗАЙБЕРТ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Президент, бір жағынан, ғылымымыздың жетістіктері мен қоғамымыздың дамуын атап өтті. Өйткені қоғамымыз жаңа міндеттерді қабылдауға дайын. Екіншіден, біздің еліміздің болашағы жайлы пәлсапалық ойларын айтты. Дала – мәдениет пен өркениет дәлізі ғана емес, ол әрдайым жаңашылдықтар әкелген. Бұл жайлы XVIII-XX ғасырларда да айтылды. Сондықтан президенттің мақаласы осы маңызды мәселелерді қозғайды деген ойдамын.

Сарапшылардың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бұған дейінгі президент бағдарламаларының жалғасы ретінде қарастырылады.