«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 6 халықаралық көлік дәлізі іске қосылмақ

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 6 халықаралық көлік дәлізі іске қосылмақ

Қазақстан ірі халықаралық транзиттік-логистикалық хабқа айналуды көздейді. Қазіргі таңда елде көлік инфрақұрылымы белсенді дамуда. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында алты халықаралық көлік дәлізі іске қосылмақ. Қытай мен Ресейді біріктіретін Омбы-Қапшағай, Самара-Шымкент, Алматы-Қорғас жолдары солардың қатарында. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама аясында  Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі Астана-Петропавл мен Түркіменстан шекарасына дейінгі Астрахан-Атырау-Ақтау жобалары жүзеге асырылатын болады.

САЙРАНБЕК БАРМАҚОВ, ҚР ИДМ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– 2020 жылы барлық халықаралық дәліздер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жұмыс істейтін болады. Кейбір учаскелерде жұмысты аяқтадық, кейбірін жақында аяқтайтын боламыз. Нәтижесінде транзиттік әлеует бірнеше есеге арта түседі. Сондықтан бұл экономикаға үлкен көмек болады деп ойлаймын.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл 4,5 мың шақырым республикалық маңызы бар автокөлік жолдары қалпына келтіріліп, жөнделеді. Бұл тәуелсіздік алғаннан бері ең жоғарғы көрсеткіш, - дейді тиісті ведомстводағылар.