«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сарапшылар пікірі

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сарапшылар пікірі

Барын бағалай білгеннің болашағы баянды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының түпкі мәні осындай. Украина профессоры әрі экономика ғылымдарының докторы Алла Касичтің пікірінше, төл тарих пен ұлттық құндылық арқылы рухани жаңғыру жолдарын ұсынған Президент ірі елдің іргесін берік етуге тамаша талпыныс жасады.

АЛЛА КАСИЧ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

 - Менің ойымша, Қазақстан аумағында металлургияның даму тарихының түп-тамыры тереңде жатыр. Және де оның ел болашағы үшін де маңызы зор. Президент өз мақаласында қазіргі және ертеңгі Қазақстанды қалыптастыратын ең басты ұлттық дәстүрлерді атап көрсетті. Кез келген елдің дамуы міндетті түрде салт-дәстүрге, оның тарихына негізделеді.

Ал Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Архив-2025» бағдарламасы ұмытылған тарихи оқиғалардың тізбегін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бейжің Орталық ұлттар университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы Дүйсенәлі Әбділәшімұлы осы ретте қазақстандық ғалымдар қытайлық әріптестерімен бірлесіп зерттеу жүргізуге тиіс дейді. Ол Қытай архивіндегі қазақ хандығына қатысты құжаттарды зерттеп жүр.  Атап айтқанда, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақтың хан-сұлтандарының хаттарын бір кітапқа жинақтаумен айналысып жатыр.

ДҮЙСЕНӘЛІ ӘБДІЛӘШІМҰЛЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, БЕЙЖІҢ ОРТАЛЫҚ ҰЛТТАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ:

 - Дүниедегі бүкіл архив қорларын қазу, оның қазақ мәдениеті мен тарихына қатысты жақсы тұстарын алып шығу, бұл, әрине үлкен жұмыс. Жалпы Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан, одан кейін Қазақстан мен біздің еліміздің арасындағы достық байланыстардың дамуына үлкен үлесі болады деген мақсат.