Көне технологияларды зерттеу орталығы ашылады

Көне технологияларды зерттеу орталығы ашылады

Ұлттық тарихты тереңнен танып-білу. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, елбасының ел тарихы үшін маңызды мақаласы ежелгі құпияларды ашуға арналған жобаларды жүзеге асыру үшін қуатты ынталандыру болып отыр. Сонымен қатар Павлодарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа археологиялық орталық ашылды. Оның басты мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын насихаттау. Мұнда археология, этнология және жергілікті тарих саласында зерттеулер жүргізілетін болады.

ТИМУР СМАҒҰЛОВ, АЙМАҚТЫҚ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Мемлекет басшысының мақаласы көшпелілер өркениетін зерттеуге қуатты ынталандыру болып табылады. Президент Ұлы дала тарихымен және мәдениетімен толық танысу қажеттілігіне ерекше көңіл бөлді және осыған байланысты біздің тікелей жоспарларымызда ежелгі технологияларды зерделеу үшін арнайы зертхана ашылды.

ВИТАЛИЙ СИРИК, СҰЛТАНМҰХАМЕД БАХАДҮР СҰЛТАННЫҢ ӨМІРІН ЗЕРТТЕУШІ:

 - Тарих өте бай, әрі қызықты. Мұны мұқият зерделеу арқылы біз Ертіс өңірінің тарихын ғана емес, сонымен қатар тұтастай алғанда қазақ хандығының тарихын, қарым-қатынас тарихын түсінеміз.

Ғалымдардың айтуынша, Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жаңа көкжиектерді ашады. Жақында ғана Ертіс өңірінің археологтары бірнеше таңғаларлық жаңалық ашты. Атап айтар болсақ, ол - «Золотая грива» ғибадатханасы мен сарай мәдениетінің қайталанбас іздері сақталған Әулиекөл қаласы. Бүгінде артефактілер шетелдік ғалымдармен тығыз ынтымақтастықта зерттеледі.

ТАТЬЯНА КРУПА, АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСТИЛЬ ЗЕРТТЕУШІСІ /УКРАИНА/:

 - Міне, мен сырттан, Украинадан келген адаммын. Неліктен мені бұл тақырып қызықтырады? Ортағасырлық көшпенділер де біздің этногенездің қалыптасуына ат салысқан.  Харьков қаласының атауының өзі түркі тілінен шыққан. Қазақ даласында дамыған өркениет болғанына күмән жоқ.

ҚЫРЫМ АЛТЫНБЕКОВ, РЕСТАВРАТОР:

- Сол кездегі жағдайды суреттеп, айтып беретін, онымен жақын танысуға мүмкін болатын бірегей артефактілер табылды. Сонымен қатар жерге көмілген жазбасы бар жібек маталар да табылып отыр. Аудармаларыңыздың әртүрлі нұсқалары бар және олардан сол кездегі жағдайдың қандай екенін анықтауға болады.

Ғалымдардың алдында әлі д көптеген жұмыстар тұр. Олардың пікірінше, Павлодар зертханасы бүкіл әлемнің жетекші мамандары жұмыс істейтін бірегей платформа бола алады.