«Ұлы даланың жеті қыры»: Түркітанушылар конгресі

«Ұлы даланың жеті қыры»: Түркітанушылар конгресі

Қазақ халқының тарихы бай және сан қырлы. Біздің жер материалдық мәдениеттің көптеген заттарының пайда болған орынға айналды. Заманауи адамдар ата-бабамыздың өнертабыстарын жақсартылған нұсқада пайдаланады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында мәлімдеді. Қазақтың жеткен жетістігін деректермен дәлелдеп, алдағы мақсатымызды айқындап берді. Сондай-ақ ата-бабалардың жылнамасында Еуразияның кең аумақтарында саяси және экономикалық тарихтың бағытын бірнеше рет өзгерткені жайлы көптеген белгілі фактілер сақталғанын атап өтті. Әлі ғалымдардың зерттей, зерделей түсетін дүниелері мол. Сарапшылардың пікірінше Астанадағы түркітанушылардың Дүниежүзілік конгресі жаһандық үрдіске айналуы мүмкін.

ЕРЛАН СЫДЫҚОВ, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

-  Екінші ұсыныс – 2019 жылы түркітанушылар конгресін шақыру, осылайша біз жаңа дәстүрді енгіземіз. Жыл сайынғы конгресстің мақсаты – Түркі әлемін зерттейтін ғалымдарды жинау. Ал түркі әлемінің адамзат дамуына енгізген құндылықтарын насихаттау. Біздің аумақта империялар болды, мемлекеттер құрылды. Олар тек бар болған жоқ, олар адамзаттың дамуына өз үлесін қосты.

ҒАЛЫМҚАЙЫР МҰТАНОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

 - Мақаланың алатын орны ел дамуында ерекше деп ойлаймын. Бұл тек басы деп саналады. Өйткені оны елбасы айтып өткендей, әр азамат өзінің ой елегінен зерделеп, әсіресе зиялы қауым осыны халыққа жеткізіп, халық санасының еркіндігін, азаттық әрі қарай көтере білсек. Әрине рухы күшті ел, рухы мықты ел әрқашан да алда болатындығы белгілі.