«Ұлы даланың жеті қыры»: Шабандоздық өнер

«Ұлы даланың жеті қыры»: Шабандоздық өнер

Бабалардың мәдени мұрасы – Қазақстанның ұлттық игілігі. Жылқыны қолға үйрету шабандоздық өнердің дамуына жол ашты. Қамбар ата төлі қазақ халқының 7 қазынасының бірі саналады.

АЙБОЛАТ КҰРЫМБАЕВ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТЕУЛЕРДІ ҚОЛДАУ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Атқа міну мәдениетінің қалыптасуы көшпенділердің әскери-жауынгерлік өнерін жетілдіріп, үлкен қашықтықтарды бағындыруға жол ашты. Үлкен аумаққа көз тіккен жаудан жерді сақтап қалуға үлкен сеп болды. Ат-әбзелдері мен көшпенді киімінде де бүгінгіден айырмашылығы жоқ деуге болады. Шабандоздық мәдениеті арғы бабаларымыздан бері қазақ қанына сіңген өнер. 

Батыс Қазақстан облысының Қошанкөл ауылында қазақ жылқысынан тарихынан сыр шертетін «Сәйгүлік» атты музей жұмыс істейді. Онда қойылған экспонаттардан ат әбзелдері мен тұқымының қалай өзгергенін байқап, бабалардың атты қолға үйрету шеберлігімен танысуға болады. Мақсат – ұлы даланың ажырамас бөлігіне айналған шабандоздық өнерді жастарға мұра ету. 

АКТІЛЕК СӘРСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

 - Тарихтан білеміз, Исатайдың Ақтабаны, Қобыландының Тайбурылы сияқты небір сәйгүліктер болған. Көкпар, аударыспақ сияқты ұлттық ойындар жастарды кішкентай кезінен бастап әскери өнерге бейімдеген. Кішкентай кезінен атқа мініп өскен бала ешқашан ауырмайды.

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениетіне де ерекше тоқталып өтті. Өйткені жылқы мен адам арасындағы қарым-қатынастың тарихы Қазақстан аумағының теріскейіндегі жазық даласында басталып, адамзаттың тағ­ды­рын түбегейлі өзгертті. Қамбар ата төлін қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды.  

АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ДЕПУТАТ МАЖИЛИСА ПАРЛАМЕНТА РК:

 - Бұл мақаланы оқып отырып бір ойға шомылдым. Шынымен де 19 ғасыр бойы, жалпы өндірістік революцияға дейін жылқы адам өмірінің әр кезеңіне қатысып, мықты жұмыс күші болатын. Аттың күші арқылы адамзат өндірістің қуатын арттырып отырды. Ол ауыл шаруашылығында, техникалық және қолөнер салаларында кең қолданыста болды.  Басқа күш болмайтын. Әлі күнге дейін көліктердің қуатын аттың күшімен есептейді. Бұның бәрі Қазақстан аумағында алғаш рет жылқының қолға үйретудің арқасы.

Бүгінгі таңда елімізде ұлттық ат спорты түрлерін дамытуға үлкен көңіл бөлініп келеді. Қазақстанның батысында этно-туристік кешен ашылды. Онда қазір 500-ге тарта жас тәрбиеленуші шабандоздық өнер мен ат үстінде бес қаруды қолданудың жауынгерлік тәсілдеріне үйретіліп жатыр.