«Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол

«Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру – ұлттық экономика өсімінің басты қозғаушы күші. Мақсат – елдегі аймақтар арасындағы көлік қатынасын жақсарту үшін инфроқұрылымды жетілдіру. Жоба аясында республикалық маңыздағы жолдардың 4 мың км қайта қалпына келтіріп, 10 мың км-не жөндеу жасау көзделген. «Нұрлы жол» бағдарламасы іске қосылғалы жолдардың сақтығын қамтамасыз етуге триллион теңгеден астам қаржы бағытталған.  

САТЖАН АБЛАЛИЕВ, ҚР ІІМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Аталмыш жоба жүзеге асқалы республикалық және халықаралық маңызға ие 2,4 мың километр жол қайта қалпына келтірілді, жөнделді. Жобалар бойынша айтсақ, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолындағы жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ Алматы-Қапшағай, Астана-Теміртау бағытыда тәмам болды. Маңғыстау облысындағы кейбір учаскілер тапсырылды.

Салалық ведомство мәсіметтеріне сәйкес, бағдарлама жүзеге асқалы 100 мың жұмыс орын құрылған. Жоба өндірісінде пайдаланылатын материалдардың үлесі 95%-ды құрап отыр. Қазіргі таңда бағдарлама аясында республикалық маңызға ие 4,5 мың километр жол қалпына келтірілуде. Бұл – 22 жобаға қамтылған шаруа. Алдағы жылы Қазақстанда тағы 2 мың километрге тарта жолды жөндеу жоспары тұр.

САТЖАН АБЛАЛИЕВ, ҚР ІІМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Бұл жобалардың дені халықаралық транзиттік дәліздер болғандықтан, олардың құрылысы жалпы республиканың халықаралық жүк тасымалы әлеуетін арттыруға бағытталған. «Батыс-Еуропа-Батыс Қытай сынды аса ірі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі көрсетіп отырғандай, олар іске қосылғалы көліктердің қатынауы артып, тауар айналымы артып отыр. Мәселен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» авто магистралі тапсырылғалы кейбір бөліктеріндегі қозғалыс 3 есеге дейін өскені байқалады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көліктік инфроқұрылымды дамыту үшін халықаралық қаржы инститтуттарынан қаржы тарту жағы да қарастырылған. Бұл орайда Дүниежүзілік банк, Азиялық банк пен Еуропа қайта құру және даму банкінің белсенділігі жоғары. 

САТЖАН АБЛАЛИЕВ, ҚР ІІМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыру үшін 4,5 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Бүгінгі таңда қолға алынған кезекті жобаларда да жұмсалатын қаржының орта есеппен 30 пайызына жуығын халықаралық банктердің үлесі алып жатыр. Соңғы кездері қытайлық «ЭксСимБанкпен» әріптестігіміз жақсы дамып келеді. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырып, жолдардың құрылысына 2 миллиард долларға жуық  қаржы тартылды.

Мамандардың пайымынша, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстан экономикасының өсіміне мультипликативті әсерін тигізіп келеді. Бұл дегеніміз заманауи магистральдармен қатар, еліміздің ЖІӨ артуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен транзиттік жүк тасымалының ұлғаюы.