Ұлттық архив-2025: Қазақстан мұрағаттарының біріңғай базасы құрылады

Ұлттық архив-2025: Қазақстан мұрағаттарының біріңғай базасы құрылады

Қазақстан мұрағаттарының біріңғай базасы құрылады. Архив құжаттарын шоғырландыру ұлттық тарихты зерттеушілерге қажетті мәліметтерді жылдам алуға мүмкіндік береді. Бүгінде елдегі бар деректер мен құжаттарды бір электронды арнаға тоғыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда тарихи маңызға ие қолжазбалардың бір бөлігі Венгрия мен Ресейге дейінгі мұрағат қорында сақталғандығы мәселелер тудыруда. Сондықтан қазіргі таңда бұл құжаттарды елге қайтару тарихшылар мен мәдениеттанушылар үшін басым бағыттардың бірі болып отыр дейді, Қазақстанның Ұлттық архив директоры Жангелді Махашев   

ЖАНГЕЛДІ МАХАШОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Бүгінде біз 12 елмен меморандум жасастық. Келісімдер бар. Биыл мен ресми делегациямен Түркияда болдым. Стамбұлда Осман империясының 3-ші императоры Ахмет пен Қайып хан арасындағы қолжазбалар тапсырылды. Басқа елдерде де құжаттар сақтаулы. 2007 жылдан бері 5 мыңнан артық құжатты жинадық. Ендігі мақсат оларды ғалымдармен жүйелеп, қоғам назарына ұсынуымыз керек. 

Тарихшылар 7 жылға бағытталған «Архив-2025» бағдарламасы бабалар мұрасын жаңғыртып, зерделеуге жол ашатынына сенімді. Мұрағат құжаттарын заман ағымына сай цифрландыру – құнды мәліметтерді халықққа қол жетімді ете түсудің қамы.   

РАУШАН ИМАНЖҮСІП, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҢЫ ЕҰУ ПРОФЕССОРЫ:

 - 7 жылға арналған «Архив-2025» жобасын жүзеге асырудың арқасында сыртта сақталып жүрген құжаттарды өзімізге қайтарып, зерттеу жұмыстарын жаңғырта аламыз. Жаңа ғана 5 мың құжаттың елге оралғанын естідім. Тарихи маңызды деректерді зерттеу өткенімізді түгендеу үшін қажет.