Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына сарапшылар пікірі

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына сарапшылар пікірі

Мемлекет басшысының мақаласы – бүгінгі күні Қазақстанда қызу талқыланып жүрген тақырыптардың бірі. Елбасының алға қойған тапсырмалары уақтылы және өзекті болып табылады. Сонымен қатар сарапшылардың айтуынша, бұл – болашақ үшін керемет іргетас. Президент басылымда жеті жылдық «Архив-2025» бағдарламасын жасауды ұсынды. Ол қазақстандық және шетел мұрағаттарында, антикалық дәуірден басталып қазіргі заманмен аяқталатын негізгі зерттеулерді қамтуы мүмкін. Бұдан басқа, «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» қатарындағы танымал ғылым серияларын құру және тарату бойынша іс-әрекеттерді жүйелендіру және күшейту қажеттілігі атап өтілді.

ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  Бұл жерде фольклорымыздың мың жылы дейтін бір бағыт бар. Бұл – үлкен жоба. Бұрын бабалар сөз атты жүзтомдық шыққан болса, біз енді оны толықтырып, жаңартып қайтадан шығаруға жол ашылып отыр. Сонымен бірге жер-жерлерге экспедиция жіберіп фольклор жинауға жол ашылып отыр. Осының бәрін енді біздің әдебиет зерттеушілеріміз, сосын ақын-жазушыларымыз атқаруға тиіс. Сосын Ұлы дала тұлғалары деп аталатын энциклопедиялық кітаптар сериясы жазыла бастайды.

Мемлекет басшысы жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырылуы тиіс деп атап өтті.

ТАЛҒАТ ҚАЛИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

-  Президенттің мақаласы - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы. Осылайша, біздің ұрпағымыздың өткені мен болашағының үйлесімді байланысы бар бірыңғай тарихи тізбек салынуда. Тарих әр ұлт үшін маңызды, өйткені бұл – кез келген халықты ұлтқа айналдыратын тарих. Тіпті Конституцияда да «ортақ тарихи тағдырмен біріктірілген» адамдар бар.

Сарапшылардың пікірінше, қазақстандықтарды маңызды жұмыстар күтіп тұр. Ата-бабалардың ғасырлық мұрасы болашақ ұрпаққа ғана емес, қазіргі заманғы сандық өркениетте қолжетімді және өзекті болып табылады.