Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы: Атқа міну мәдениеті

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы: Атқа міну мәдениеті

«Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.

Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды».

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениетінеде ерекше тоқталып өтті. Өйткені  жылқы мен адам арасындағы қарым-қатынастың тарихы Қазақстан аумағының теріскейіндегі жазық даласында басталып, адамзаттың тағ­ды­рын түбегейлі өзгертті. Еліміздің солтүстігінде Ботай қонысының табылуы әлем назарын аударған оқиға бол­ғаны талассыз шындық. Осы жерді б.з.д. ІV мыңжылдықта мекен еткен адамдар қамбар ата төлін алғаш рет қолға үйретіп, арбаға же­к­­кені, бие байлап, қымыз ашыт­­­қаны археологиялық қаз­ба­­лар арқылы дәлелденген. Энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағы 20 гектар аумақты алып жатыр. Қоныс шамамен бір ғасырдан артық уақыт өмір сүрген. Археологтар қыш құ­мыраларды, ыдыс-аяқтарды, жыл­қының қаңқаларын көптеп кездестірген.  Сондай-ақ осы қонысты мекен еткен адамның сүйегі табылды. Дала өркениетінің бастауында тұрған  ерекше мә­де­ниетке төрткүл дүниенің қызығушылығы бірде-бір толастаған емес.

ЗЕЙНОЛЛА САМАШЕВ, ТАРИХШЫ-АРХЕОЛОГ:

 - Үлкен жаңалық жалпы ата-бабаларымыздың , жалпы біздің жеріміздің, еліміздің тарихи дәрежесін, тарихи мәдениетінің жоғары дәрежесін бүкіл әлемге паш ететін ескерткіш. Сондықтан біз енді Ботай мәдениетін мақтаймыз, мақтанамыз. Сондықтан бұл кешенді түрде зерттейтін және өзі бір үлкен тарихи-мәдени кешен ретінде әйгілі. Бұл тарихымыздағы ең бір мықты ұлы ескерткіштеріміздің бірі деп есептейміз.