Елбасы мақаласы: «Ұлы даланың жеті қыры»

Елбасы мақаласы: «Ұлы даланың жеті қыры»

«Ұлы даланың жеті қыры». Осындай атаумен Ақорданың ресми сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан тарихына арналған мақаласы жарияланды. Елбасы мақаласында қазақстандықтар өз тарихын барлық әмбебап және көп өлшемділігімен жүзеге асыруы және қабылдауы қажет деп айтылған. Сондай-ақ ата-бабалардың жылнамасында Еуразияның кең аумақтарында саяси және экономикалық тарихтың бағытын бірнеше рет өзгерткені жайлы көптеген белгілі фактілер сақталғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Ұлы даладағы ежелгі металлургия, атқа міну мәдениеті, Ұлы Жібек жолына баса назар аударды. Президент, сондай-ақ «Архив-2025», «Ұлы дала есімдері» және «Дала флольклорының антологиясы» сияқты ірі жобалар бойынша жұмысқа кірісуді ұсынады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - 1,5 жыл бұрын мен «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы модернизациялау» атты мақаланы жарияладым. Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы деп санаймын. Жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа құрамдас бөліктері біздің ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы сақталған мұраларын жаңартуға мүмкіндік береді, бұл оны түсінікті және сандық өркениетте сұранысын тудырады.