Елбасы жолдауы шетелде талқыланды

Елбасы жолдауы шетелде талқыланды

Шетелдік сарапшылар Қазақстан Президентінің жолдауын талқылауда. Елбасының ел дамуы бойынша биылғы жылға айқындап берген 6 бағыты қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға ғана емес, сондай-ақ Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді, дейді қытайлық сарапшылар. Халық Республикасының еліміздегі алғашқы елшісі міндетін атқарған Чжан Дэгуан жолдаудағы міндеттер ел өмірінің барлық салаларын қамтитынын атап өтті. Сондай-ақ ол бүгінде екі мемлекет арасында жоғары деңгейде саяси диалог орнағанын айтты.

СУНЬ ЧЖУАНЧЖИ, ШЫҒЫС ЕУРОПА ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын жан-жақты талқыладық. Әрине құжатта әлеуметтік даму, халықтың жағдайын жақсарту, білім беру сияқты жан-жақты сұрақтар нақты қамтылған. Қытай Төрағасы да бұл мәселеге ерекше мән беріп келеді.

Елбасы жолдауында басымдық берілген жоғары білім сапасын көтеру мәселесін Ұлыбританияның жетекші университеттерінде оқып жатқан қазақстандық жастар қолдап отыр. Олар бұл туралы Лондонда Қазақстан елшісімен өткен кездесуде мәлім етті. Сондай-ақ болашақ мамандарға Назарбаев Университеті тәжірибесі негізінде шетелдің үздік топ-менеджерлерін қызметке тарту, әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік қарым-қатынас орнату идеясы да түсіндірілді.

ЖАНСҰЛТАН НҰРМҰХАНОВ, «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТИПЕНДИАТЫ:

 - Қазіргі білім беру жүйесі елдің экономикасымен тікелей байланысты. Яғни елдің білім беру жүйесі өте жақсы болса, экономикасы да ілгерілей береді. Сол себепті мен бітіргеннен кейін, елімнің экономикасын алға қарай дамуына және алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына кіруіне өз үлесімді қосамын.