Қазақстанның 100 жаңа есімі: Нұржан Жолдыбалинов

Қазақстанның 100 жаңа есімі: Нұржан Жолдыбалинов

Қазақстанның жан-жақты дамуына өз үлесін қосып, өзгелерге үлгі болар азаматтар. Бұл – «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары. Аталған байқау қаншама өнерлі, білімді, белсенді қазақстандықтарды еліне танытуға мүмкіндік берді. Қоршаған ортаны қорғау бағытында қызмет етіп жүрген Татьяна Немцанды жобаға былтыр Ақмола облысының ұстаздар қауымы ұсынған. 31 жыл бойы Арнасай аулындағы орта мектептің директоры қызметін атқарып келе жатқан ол балаларды оқытып қана қоймай, экологиялық мәселелерді зерттеуге баулыған. G-Global  ұйымымен бірлесіп, Арнасай жасыл технологиялар орталығын ашты.

ТАТЬЯНА НЕМЦАН, ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ БАСТАМАЛАРДЫ ДАМЫТУ ҚОРЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біз мектеп жанында үкіметтік емес ұйым аштық. Бірнеше грант жеңіп алдық. Ол қаражат есебінен ауылдағы бұлақтарды қалпына келтірдік. Мектеп қабырғасында жылыжай жасадық. Өзіміз ғимаратты жылыту жүйлерін ойлап тауып, қолданысқа енгіздік.

Бүгінде Татьяна Немцан Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қорында жұмыс істейді. Осылайша, бүкіл республика бойынша білім беру саласында экологиялық мәдениетті енгізумен айналысып жатыр.

ТАТЬЯНА НЕМЦАН, ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ БАСТАМАЛАРДЫ ДАМЫТУ ҚОРЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Әрине, жоба жеңімпаздарының қатарында екенімді білгенде, мен қатты қуандым. Сонда өзімнің өмір бойы айналысып келе жатқан ісім қаншалықты маңызды екендігін түсіндім. Әрине, менің халық алдындағы жауапкершілігім артты.

«100 жаңа есім» біреулердің жұлдызын жағып берді, ал, басқалардың жауапкершілігін арттырды. Келесі кейіпкеріміз, сөзсіз, екінші топқа жатады. Нұржан Жолдыбалиновтың жетістігі кітапханаға қатысты қалыптасқан үйреншікті қағидаларды бұзып, нағыз білім, ғылым және ІТ саласының ордасы екенін дәлелдеді.

НҰРЖАН ЖОЛДЫБАЛИНОВ, КІТАПХАНАШЫ:

 - «100 жаңа есімге» кітапханашы кірді деген пиардың бір жолы деуге болады. Өйткені, қазіргі кітапханашылар – мобильді. Олардың иммиджін көтеру керек. Өте төмен деңгейге түсіп кеткен. Батыс елдерінде көзқарас басқаша. Сондықтан, бізде сол деңгейге жетуіміз керек.

Нұржан осыдан 11 жыл бұрын ұлттық академиялық кітапханаға қызметке келіп, оқулықтарды электронды нұсқаға аудара бастады. Бүгінге дейін дәл осылай интернетке 46 мың кітап жүктелген. Оған қоса, Қазақстан оқулықтарын латын қарпіне аударумен де айналысып жүр. 

НҰРЖАН ЖОЛДЫБАЛИНОВ, КІТАПХАНАШЫ:

 - Болашақта біздің өсіп келе жатқан балалар 2025 жылдан бастап тек қана латын қарпінде оқи бастайды. Ал 70-ші, 80-ші, 90-шы жылдары шыққан кітаптар қайтадан латын қарпінде шығармайды. Біздің бағдарламалар сол кітаптарды 1-2 минутта латын қарпіне аударып береді.

Бүгінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының II кезеңі жүріп жатыр. Нұржанның таңдауға түсіп жатқандар арасында осындай көп елене бермейтін саланың мамандарды топ жарса екен деген ниет-тілегі бар.