Әйгерім Әкімжанова

Әйгерім Әкімжанова

Бүгінде Әйгерім «Kazakh TV» телеарнасының ақпараттық бөлімінің тілшісі және «Interview of the day» бағдарламасының жүргізуші қызметтерін қатар алып жүр.

2012 жылы Астананың жетекші жоғарғы оқу орнындарының бірінің журналистика және саясаттану факультетін тәмамдап, қызметтік жолын «24 KZ» арнасынан бастайды. «Азамат кз.» және «Елорда» сынды шығармашылық жобаларға ат салысу жас маманның телевизиялық журналистика саласында алғашқы құнды тәжірибе жинақтауына сеп болды.

2015 жылдан екі жыл қатарынан, Әйгерім еңбек өтілін республиканың батысында жалғастырып, Маңғыстау облысының маңызды оқиғаларынан хабар таратады. Дәл осы кезде батыл ойлар, арнайы репортаждар, фильмдер мен өзекті сюжеттер туады.

2017 жылдан Әйгерім «Хабар 24» телеарнасының жаңалықтар қызметінде оқиға орнынан тікелей эфирге шығып жаңалық таратады. Сол жылдың соңында «Kazakh TV» арнасының қызметкері атанды.

Әйгерім жастайынан поэзияға әуес. Көптеген өлең жолдары мен музыкалық туындылардың авторы. Телеарнада қызмет жасау өмірлік арманы болды.