ҚАЗАҚСТАН IMD РЕЙТИНГІНДЕ 15 САТЫҒА КӨТЕРІЛДІ

ҚАЗАҚСТАН IMD РЕЙТИНГІНДЕ 15 САТЫҒА КӨТЕРІЛДІ

Қазақстан әлемдегі 63 мемлекеттің бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 32-ші орында. Жыл басынан бері еліміз 15 сатыға көтеріліп, 2014-ші жылғы ең жоғарғы көрсеткішін қайталады. Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан халықаралық даму менеджменті институты әлемдік бәсекеге қабілеттілік саласын саралап, экономикалық көрсеткіштерді егжей-тегжейлі електен өткізген. Бұл ретте экономикалық қызмет, үкімет пен бизнес жұмысының тиімділігі және инфрақұрылым сынды төрт маңызды факторға баса мән беріліп, 340-тан астам көрсеткіш бойынша бәсекеге қабілеттік талаптары ескерілді. Айта кетейік, 2008-ші  жылы елімізде алғаш рет осы ұйымның зерттеу жұмыстары жүргізілді. Көш басында Гонконг, Швейцария, Сингапур сынды елдер келеді. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан сандық технологияларды көптеп қолдану арқылы ең жоғарғы деңгейіне көтерілді.