«ЕХРО-2017» көрмесінде қызмет көрсету орталықтары іске қосылды

«ЕХРО-2017» көрмесінде қызмет көрсету орталықтары іске қосылды

Елордадағы «ЕХРО-2017» көрмесі аумағында Бірыңғай қызмет көрсету орталығы іске қосылды. «Бір терезе» принципі бойынша жұмыс жасайтын орталықта ішкі істер органдары, кедендік және салық мекемелерінің өкілдері қызмет көрсетеді. Оған қоса, көрмеге қатысушылардың визалық қолдау, көші-қон есебі, салық салу, авторлық құқық секілді бірнеше қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндік бар.

АҚСҰЛУ АРЗЫҚҰЛОВА, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Бүгінгі таңда 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым осы көрмеге қатысатынын ресми растады. Осы барлық қатысушы мемлекеттерге және олардың қызметкерлеріне осы орталықтар қызмет көрсететін болады. Осы жерде өздерінің кеңестерін береді, осы жерде құжаттарын дайындауға т.б осы жерден қызметтерін бітіруіне болады.

Сонымен қатар, Аккредиттеу орталығының да тұсауы кесілді. Енді көрме аумағын көргісі өзге нысандарды аралағысы келетін адамдар онлайн жүйеде тіркеліп, құқық қорғау органдарында арнайы тексерістен өтуі тиіс.