Скрипкашы Зағиша Камил Нью-Йоркте өнер көрсетті

Скрипкашы Зағиша Камил Нью-Йоркте өнер көрсетті

Қазақтың скрипкашы қызы Зағиша Камил Нью-Йоркте өнер көрсетті. Ол – Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінің түлегі, танымал педагог Нина Патрушевадан тәлім алған. Қазір музыкант Нью-Йоркте өз шеберлігін шыңдау үстінде. Манхэттендегі беделді академияның студенті бүгінге дейін бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды. Кешке келген қадірлі қонақтардың қатарында Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының жұбайы Пан Сун Дэк те болды. Зағишаға құттықтау сөзін арнаған ол қазақ қызының өнерін жоғары бағалап, шеберлігі мен талантына тәні болғанын жеткізді.