Қазақстанда 13 жылда әлеуметтік жобаларға 42 млрд теңге қаржы бөлінді

Қазақстанда 13 жылда әлеуметтік жобаларға 42 млрд теңге қаржы бөлінді

Мемлекеттік көмектің арқасында Қазақстанда екі мыңнан аса әлеуметтік жоба іске асқан. Оған он үш жылдың ішінде республикалық және жергілікті бюджеттің көмегімен  қырық екі миллиардтан астам теңге бөлінген. Астанада өткен жетінші азаматтық форумда мемлекеттік атқарушы орган және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бірлесе  отырып өздерін мазалаған ортақ сауалдарға жауап іздеді. Қаузалған тақырыптар сан алуан.

 

Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстанға оралған қандастарымызды әлеуметтендіру бағытына   сіздердің назарларыңызды  аудартқым келеді. Бұл орайда мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп жүзеге асыратын бастамалар баршылық. Қандас бауырларымыз негізінен құжаттарды рәсімдеу, оқыту және әлеуметтік бейімдеу сынды көмекке мұқтаж. Көмек қолына зәру жандарға  үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибесі қажет деп санаймын. 

 

Азаматтық қоғамның дәрежесін көтеру – мемлекет алдында тұрған маңызды басымдықтардың бірі. Оның алғышарттары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген.

 

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында біз бүкіл ел болып Қазақстанның жүріп өткен жолын қорытындылап жатырмыз. Еліміз қол жеткізген толайым табысқа азаматтық сектордың қосқан өз үлесі бар. Азаматтық қоғамның рөлін арттыру - 5 институционалдық рефораны іске асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының» басым мақсаттарының бірі.

 

Азаматтық форум бұған дейін ел өңірлерінде ұйымдастырылған аймақтық жиындардың ресми қорытындысы болды.  Елді-мекендерде  өткен басқосуларда өкілдер жан-жақты даму жолдарын белгілеп, кешенді шаралар тізімін бекітті.

 

 

 

Сурет: kazpravda.kz